«Бізге 10 жыл!»

Share this post on:

Бала деген – болашағы даланың

Бала деген қуанышы ананың

Егер бала тәрбие алса данадан

Биік шыңы адалдықтың, сананың

М.А. Шакирова

                  Балабақша білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы. Ал тәрбиеші сол балабақшаның   жүрегі,  яғни өз ұлтын адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккені. Мектепке дейінгі мекемелерді тәрбие мен білім саласына  заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде  де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданатын ұғымның біріне айналды. Міне, бүгінгі таңда тал бесікті бастау алған тәрбие ордасына  10 жыл толды.  «Балақай» бөбекжайы 2015 жылдың  5 қаңтарында ашылған.  Бұл бөбекжай 250 балаға арналған. Әр топ жас ерекшелігіне қарай бөлінген. Балабақшамызда 51 ден астам  қызметкерлер жұмыс жасайды. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балаларды  тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бөбекжайда «Бір тұстас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар»,  «Әкелер, аналар, әжелер мектебі»,  «Тілге бойлау» т.б. көптеген жобалар іске асырылуда.  Қазіргі таңда бөбекжайымыз Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдар арасында Құзыреттілік орталыққа айналды. Облыстық «Ізденімпаздарға арналған ғылыми» жобаға қосылды.

         Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша бөбекжайда «Консультациялық пункт» жұмыс жасайды. Әр ай сайын жоспарға сәйкес бөбекбекжаймен қамтылмаған балаларға түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады.        Балабақшамызда алғаш Узалина Гулнара Төлеухановна басшылық қызметін атқарған. Ол кісі әрбір кішкентай ғана бүлдіршіндердің өмірге енді  аяқ басқан сәтінен көңіл кілтін тауып олардың  тұлға болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Балаға бағыт бағдар, тәлім тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы тәрбиеші. Балалармен бірлесіп түрлі іс шаралар ұйымдастырып, оларды өнерлі де еңбекті білімде алғыр болуына аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда бөбекжайымызда 25 педагог жұмыс жасайды. Барлығы білікті, шығармашыл , тәрбиеленушілердің сүйеніші, біліктілігі мен іскерліктерін орала ұштастыра отырып білім беру ісіне сүбелі үлесін аянбай қосып келе жатқан тәрбиешілер.  Халқымыздың әдептілігі, инабаттылығы, мейірімділігі, қайырымдылық ізетті қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ордасына міне, бүгін 10 жыл толды. Осы орайда «Балақай авиалайнері-2025»   тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырлып өткізілді. Мерейтойға қала әкімінің орынбасары Ұ.Алмас, Приозерск қаласының маслихат төрағасы А.И.Несіпбекович, білім бөлімінің басшысы Г.К.Касимова келіп жылы лебіздерін білдіріп құттықтады.   Барша ұжымды ерен еңбектері үшін алғыс айта отырып, бөбекжайымыздың 10 жылдығымен шың жүректен құттықтаймыз!  

Share this post on:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *